World Boxing 2025 жылдың үздік боксшысы атағына үміткер болған бес спортшының тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстанның әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстандық Геннадий Головкин басқаратын әлемдегі басты бокс ұйымы әуесқой бокста жылдың үздік боксшыларына дауыс беруді ашық деп жариялады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, марапаттың иегері әлеуметтік желілерде өтетін көрермендер дауыс беруі арқылы анықталады.
Жылдың үздік боксшысы номинанттары (ерлер)
Айта кетейік, әйелдер арасында да ТОП-5 қатарына Қазақстан өкілі енді.
Жылдың үздік боксшысы номинанттары (әйелдер)
Еске салайық, 2025 жылы Махмұд Сабырхан карьерасында бокстан әлем чемпионатын екінші рет жеңіп алды.
Ливерпульде өткен турнирдің финалында қазақстандық спортшы Испания өкілі Рафаэль Лосано Серраноны 5:0 есебімен тас-талқан етіп, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Сол Ливерпульдегі турнирде Наталья Богданова да өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Аустралия спортшысы Лекейша Перголитиді айқын басымдықпен жеңді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!