- Негізгі бет
- Спорт
- Мағжан Шәмшадин Азия...
Мағжан Шәмшадин Азия ойындарында ел қоржынына екінші медальді салып берді
Фото:
olympic.kz
Мағжан Шәмшадин Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келідегі Мағжан Шәмшадин тәжік спортшысы Мехрзод Суфиевті жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленген еді. 48 келіге дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапониялық Нацуми Цунодамен кездесті. Әбиба Әбужақынова үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан