“Маған кедергі жасау - қазақ боксына кедергі жасау!“ Сәрсекбаев тосын мәлімдеме жасады

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желіде тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы оқырмандарын ойландырып қойған.

"Сынбаймын ғой. Сындыра алмайсыңдар ғой! Ешқашан да байланыстармен, телефонмен, арандатумен қорқыта алмайсыңдар! Мен жүрген жерде тек тәртіп, әділдік болады! Мен ештеңе сұраған емеспін, бар сұрарым жұмыс істеуге кедергі келтірмеңдер! Маған кедергі жасау - қазақ боксына кедергі жасау! Менің интрига, арандатуға уақытым жоқ, алдымызда жауапты бәсеке тұр! Кейбіреулерге ескерту!" - деді ол.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы қаңтардан бастап жастар құрамасының тізгінін ұстаған болатын.

Еске салайық, бұған дейін танымал спортшы Бақыт Сәрсекбаев алдағы жоспарын бөлісті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!