Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
U19 санаты бойынша 48 келідегі Мадира Жұмақан жартылай финалда Гунжанмен (Үндістан) күндізгі сессияны ашты.
3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер Үндістан боксшысын бірауыздан жеңімпаз деп таныды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін 12 отандасымыз ақтық сынға жолдама алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова