Луиш Нани мен Виктор Мозес Қазақстанға келді: фото

Луиш Нани мен Виктор Мозес Қазақстанға келді: фото
Фото: kazfootball.kz

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" және "Челси" клубтарының бұрынғы ойыншылары - португалиялық Луиш Нани мен нигериялық Виктор Мозес - Қазақстанға "Ақтөбе" және "Қайсар" клубтарымен келісімшартқа қол қою үшін келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақтөбе" футбол клубы Луиш Нанимен бір жылдық келісімшарт жасамақ. Қазір Нани қаламен танысуға тиіс. Егер португалиялық футболшыға бәрі көңілінен шықса, оның рөлі тек алаңдағы ойынмен шектелмейді: "Манчестер Юнайтедтің" экс-ойыншысы клубтың халықаралық деңгейде ілгерілетуіне жауапты футболшы менеджер болады. Инсайдерлердің мәліметінше, оған бір жылға 840 мың доллар төлеу жоспарланған.

Айта кетейік, 39 жастағы Нани 2024 жылы мансабын ресми түрде аяқтаған. Осыдан кейін ол Ресейдің Медиалигасында небәрі бір матч өткізген.

Виктор Мозеске келсек, ол Қызылордаға ұшып келді. Видеоны "Қайсардың" баспасөз қызметі жариялады. Ойыншының ауысуы жақын арада ресми түрде рәсімделеді деп күтіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от FC KAYSAR | ҚАЙСАР ФК (@fckaysar_official)

35 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы қазір еркін агент мәртебесінде. Келісімшарт бір жылға есептеледі.

"Сәлем, жігіттер, мен - Виктор Мозес. Мұнда болғаныма қуаныштымын және ойынды бастауға асықпын. Алға, "Қайсар!", - деді Мозес.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget