Испаниялық маман Андони Ираола "Ливерпуль" клубымен келісімшартқа қол қойып, команданың жаңа бас бапкері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы танымал журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді. Дереккөз мәліметінше, келісім толық расталған, ал ресми хабарлама жақын арада жарияланады.
Бұған дейін испаниялық маман екі жылдық келісімшартқа қол қоятыны хабарланған болатын. 43 жастағы Андони Ираоланың бұған дейінгі жұмыс орны "Борнмут" болды. Ол маусым аяқталған соң клубтан кетті.
30 мамырда "Ливерпуль" бас бапкер Арне Слот қызметінен кеткенін ресми түрде жариялаған еді. Нидерландтық маман клубты 2024 жылғы мамырдан бері жаттықтырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова