Атақты аргентиналық шабуылшы Лионель Месси америкалық "Интер Майамимен" келісімшартын ұзартуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, келіссөздер соңғы кезеңге жеткен.
Оның айтуынша, келісім әлі толық аяқталған жоқ, бірнеше мәселе нақтылануға тиіс және лига барлық шартты мақұлдауы керек. Дегенмен кейінгі апталарда келіссөздер жанданып, келісімшарт жақын күндері жасалуы мүмкін.
Еске салайық, 38 жастағы Аргентина құрамасының форварды Лионель Месси – АҚШ-тың басты жұлдыздарының бірі. Ол 2023 жылғы шілдеден бері "Интер Майами" сапында ойнап келеді. Бұған дейін "Барселона" және "Пари Сен-Жермен" клубтарында ойнаған.
2024 жылғы жазда Месси Аргентина құрамасымен бірге екінші рет Америка кубогын жеңіп алып, әлемдегі ең титулды футболшы атанды. Қазір оның қоржынында 46 трофей бар, соның басым бөлігі "Барселона" сапында алынған.
Лионель Мессидің барлық трофейі
"Барселона":
"Пари Сен-Жермен":
"Интер Майами":
Аргентина құрамасы:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!