“Лилль“ сенсация жасады: Чемпиондар лигасының V турындағы нәтижелер

“Лилль“ сенсация жасады: Чемпиондар лигасының V турындағы нәтижелер
Фото: instagram.com/losclive

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аяқталды. "Лилль" "Баварияны" ұтып, сенсация жасады. ПСЖ "Ромамен" тең түссе, "Сабах" өз алаңында "Барселонаға" есе жіберді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Матчтар қалай өтті?

"Сабах" – "Барселона" – 1:4

Бакуде өткен ойында каталондық клуб сапында Энтони Гордон (31 және 51-минуттар) дубль жасады. Карим Адейеми (55-минут) мен Габриэл Жезус (60-минут) бір-бір голдан еншісіне жазды. Ал алаң иелерінің бір голын 63-минутта Джой-Ланс Миккельс соқты. "Сабахта" ойнайтын Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов осы матчта 9 сейв жасады.

"Славия" – "Вильярреал" – 0:1

Прагада "Вильярреал" "Славиядан" 3 ұпай еншілеп қайтты. Шешуші голды 62-минутта Тейджон Бьюкенен соқты. Чех клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде 24 матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді.

ПСЖ – "Рома" – 2:2

Париждегі кездесуде турнирдің қазіргі жеңімпазы ПСЖ маусымдағы алғашқы ұпайын жоғалтты. Қонақтар 5-минутта Марио Эрмосоның голымен алға шықты, ал Илья Забарный 31-минутта есепті теңестірді. Екінші таймда голдардың екеуі де пенальтиден соғылды: Усман Дембеле 62-минутта алаң иелерін алға шығарса, Дониэлл Мален 78-минутта "Романың" есебін теңестірді.

"Интер" – "Штутгарт" – 2:0

"Интер" өз алаңында "Штутгартты" ұпайсыз қайтарды. Миландықтар сапында 57-минутта Петар Сучич пенальтиден, 74-минутта Лаутаро Мартинес гол соқты. 

"Спортинг" – "Манчестер Юнайтед" – 2:2

Лиссабонда "Спортинг" пен "Манчестер Юнайтед" ұпай бөлісті. Алаң иелері сапында Луис Суарес 30-минутта пенальтиді соға алмады, бірақ 33-минутта екінші пенальтиден есепті ашты. Екінші таймның басында Бруну Фернандеш 48-минутта пенальтиден, 50-минутта ойын барысында гол соғып, "Юнайтедті" алға шығарды. 80-минутта Суарес дубль жасап, таразы басын теңестіріп кетті.

"Лилль" – "Бавария" – 2:1

Францияның "Лилль" командасы өз алаңында "Баварияны" ұтып, сенсация жасады. Қонақтар 15-минутта Дайо Упамеканоның голымен алға шықты. Екінші таймда "Лилль" үш минутта екі гол соқты: 62-минутта Аясэ Уэда есепті теңестірсе, 65-минутта Александар Павлович өз қақпасына гол соғып алды.

"Брюгге" – "Ливерпуль" – 0:3

Ағылшындық клуб атой салды. "Брюггеге" қарсы матчта Александер Исак дубль жасаса, Флориан Вирц бір голды еншісіне жазды.

"Атлетико" – "Викинг" – 2:0

Мадридтік "Атлетико" өз алаңынды "Викингті" (Норвегия) жеңді. Есепті 19-минутта Александр Сёрлот ашты, ал 24-минутта Хулиан Альварес айып добынан екінші голды соқты. Матчтың соңында, 90+1-минутта "Викинг" сапынан Хенрик Фальхенер қызыл қағазбен ойыннан қуылды.

"Шахтер" – "Фенербахче" – 0:1

Лондонда "Фенербахче" Украинаның "Шахтер" клубын ұтты. Шешуші голды 56-минутта Ведат Мурики соқты. Бұл "Фенербахченің" Чемпиондар лигасындағы 22 жылдан кейінгі алғашқы сапардағы жеңісі болды. 

Бесінші турдан кейін "Реал" бес матчта бес жеңіске жетіп, турнир кестесінде жалғыз көш бастап тұр. Үздік үштікте ПСЖ мен "Комо" да бар, ал төртінші орында – "Барселона".
О. Сансызбай
Logotype Massaget