Лаура Әліқұл Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
WKF каратэнің кумите бағдарламасында 68 келіге дейінгі салмақтың финалында Лаура жарыс қожайыны, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Цяоцяо Лиге жол берді. Есеп: 0-4.
Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда 2 дүркін Азия чемпионы атанған Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен ұтқан. Оның алдында 68 келіде бақ сынайтын қазақстандық тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7-4 есебімен жеңген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз