- Негізгі бет
- Спорт
- Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы...
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Абайдың әнімен Олимпиадада өнер көрсетті
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильев 2022 жылғы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада Абай Құнанбаевтың "Айттым сәлем, қалам қас" композициясымен қысқа бағдарламасын орындады.
Өз өнері үшін Васильев 85,30 ұпай жинап, аралық жетінші орынға ие болды. Бейсенбі, 10 ақпанда қысқы ойындарда ерлер арасындағы еркін бағдарлама өтеді.
Қаңтар айының соңында мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында Васильев қола жүлдегер атанды. Бұл оның мансабындағы ең жоғары жетістігі және Латвия мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең жақсы нәтиже.
Васильев үшін Бейжің Олимпиадасы оның мансабындағы екінші Олимпиада болды. 2018 жылы Пхенчханда 19-орынға ие болды. Оның жаттықтырушысы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің досы Стефан Ламбель. Абай шығармасының таңдалуы да содан болса керек.
Т. Раушанұлы