Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль каталондық "Барселона" тарихында 50 және одан да көп гол соққан ең жас футболшы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 жастағы испаниялық футболшы мұндай жетістікке Ла Лиганың 3-турында мадридтік "Райо Вальеканоға" қарсы өткен матчта жетті. Ламин Ямаль дубль жасап, "Барселона" қарсыласын 5:2 есебімен ұтты.
Бұл межені бағындыру кезінде Ямальдің жасы 19 жас 49 күн болған. Осылайша, ол "Барселонаның" аңызға айналған шабуылшысы Хосеп Эсколаның 91 жыл бойы сақталып келген рекордын жаңартты.
Хосеп Эскола каталондық клуб сапындағы 50-голын 1935 жылы, 20 жас 356 күнінде соққан. Ал бұл көрсеткішке одан кейін ең жақын келген футболшы - Лионель Месси. Аргентиналық шабуылшы "Барселона" сапындағы 50-голға 21 жас 120 күнінде жеткен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!