Қызылордалық “Қайсар“ футбол клубы жеке басқаруға өтті

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы жеке басқаруға өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Клуб 30 қазаннан бастап ресми түрде TAU Group LTD компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.

​"Алдағы уақытта "Қайсар" футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланып отыр", - деді клубтың баспасөз қызметі өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!