Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұптық сынның ширек финалында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге аустралиялық Присцилла Хон және чехиялық Каролина Муховаға қарсы ойнады.
Қарсылас жұп екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп: 7:6, 6:3.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!