Қытай атынан шығатын қазақ файтері Сайран Нұрданбек UFC-де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
26 жастағы спортшы Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде өнер көрсетті. Кездесу жартылай жеңіл салмақта өтті. Нұрданбектің қарсыласы 32 жастағы америкалық Ти Джей Браун болды.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, үш төреші де 29:28 есебімен жеңісті Нұрданбекке берді.
Осылайша, Нұрданбек UFC-де екі рет жеңіп, бір мәрте жеңілді.
Еске салайық, бұған дейін бұл турнирде қазақстандық Сергей Морозов та жеңіске жеткен еді.