Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: ҰОК

Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде спортшылар үш жас санаты бойынша сынға түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушылар "суперспринт" дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі мынадай:

  • Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.
  • Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.
  • U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 13-14 маусымда өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget