Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші күнінде 6 боксшы рингке көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.
Солардың бірі, 65 келіде ел намысын қорғайтын Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Әзербайжан өкілі Малик Хасановпен қолғап түйістірді. Екі боксшы да алма кезек шабуыл алмасып, шиеленісті жекпе-жек өткізді.
Бірақ екінші раундта Әзербайжан өкілі қабағынан жарақат алып, жеңіс Санатәлі Төлтаевқа берілді.
Ал 75 келіде өнер көрсететін Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда Ирландия спортшысы Тадхг Одонеллмен шеберлік байқасты. Қос боксшы да бір-бірінің шабуылын күтіп, айқас 3 раунд бойы аңдысумен өтті.
Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!