Қытайда өтетін Азия кубогына қатысатын спортшылар анықталды

Қытайда өтетін Азия кубогына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: ҰОК

Халықаралық триатлон федерациясы (World Triathlon) Қытайдың Ляньюньган қаласында өтетін Азия кубогына қатысатындар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Алдын ала берілген өтініш бойынша Қазақстан құрамасы сапына төрт спортшы енген.

Құрлық додасында Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Максим Шмулич және Арлан Жаңабай ел намысын қорғайды.

Ерлер арасындағы жарысқа жалпы саны 70 спортшы қатысады.

Айта кетейік, турнир 23 мамырда өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget