Қытай мен Гонконг спортшыларын шаң қаптырды: Рината Сұлтанова Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 20 шақырымдық жекелей сайыста топ жарды.

Екінші орынды Гонконг өкілі И Уин Леунг иеленсе, қола жүлде Қытай спортшысы Хао Чжанға бұйырды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!