Қысқы Паралимпиада-2026: жарысты қайдан және қашан көруге болады?

7 наурызда Италияда өтіп жатқан Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біздің паралимпиадашылар спорттың екі түрі бойынша сынға түседі.

Сағат 14:35-те отырып жарысатын ерлер арасындағы парабиатлонда Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин бақ сынады.

Ал Қазақстан үшін жарыс күні ерлер арасындағы тік тұрып жарысатын парабиатлонмен аяқталады. Сағат 16:40-та Александр Герлиц сөреге шығады.

Барлық жарысты Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Еске салайық, XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6-15 наурыз аралығында өтеді. Жарыста парашаңғы жарысы, парабиатлон, арбадағы кёрлинг, парасноуборд, тау шаңғысы және парахоккей бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Атап айтсақ, пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин, ал пара шаңғы жарысынан – Нурлан Алимов, Владислав Кобаль және Анна Грачёва.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!