XXV қысқы Олимпиада ойындарына болжам бойынша Қазақстан атынан 35 спортшы қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің сөзінше, ұлттық команда құрамында 35-ке жуық спортшы болады.
"Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан ресми 2 жеке Олимпиада лицензиясы бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, 2022 жылы Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз