15 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың төрт түрінен бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
14:00-де тау шаңғысы бойынша жарыстар басталады - алып слаломда Александра Скороходова өнер көрсетеді. Жүлдегерлер 17:30-да анықталады, ал тікелей эфирді Qazsport арнасынан көруге болады.
14:30-да ерлер арасындағы параллель могулда 1/16 финалда фристайлшы Павел Колмаков жарысын бастайды. 1/8 финал 15:00-де, ширек финал - 15:20-да, жартылай финал - 15:35-те, финал - 15:46-да өтеді. Тікелей эфирді "Хабар" телеарнасы көрсетеді.
15:15-те биатлоншылар арасында 12,5 шақырымға қуу жарысы (пасьют) өтеді, онда Қазақстан атынан Владислав Киреев қатысады. Тікелей эфирді Qazsport арнасы көрсетеді.
21:03-те конькимен жүгіруде әйелдер арасында 500 метр қашықтағы жарыс өтеді - Қазақстаннан Арина Ильященко мен Кристина Силаева бақ сынайды. Трансляция Qazsport арнасынан көрсетіледі.
Қазір Қазақстан 2026 жылғы қысқы ойындарда бір медаль жеңіп алды - мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың алтыны.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz