Бокстан Әзербайжан елінің астанасы Бакуде "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі өтуде. Жарыста 57 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жектердің бірі ауыр нокаутпен аяқталды.
Қырғыз боксшысы Санжар Сейдакматов тәжік Бузургмехр Иксановпен жұдырықтасты. Бірінші раундта Санжардың жойқын соққысынан кейін қарсыласы есінен танып құлады. Қайта тұрып, қайта құлағанда рингтің кермесі көмек болды. Жаттықтырушысы мен дәрігер алғашқы көмек көрсетіп, боксшыны бақылауына алды.
Ал бұл нокаутты IBA айрықша бағалап, әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.
Айта кетейік, Бакудегі турнирге қазақ боксшылары да қатысуда. Кеше Сағындық Тоғамбай (92 кило) финалға шықты. Ал Бекзат Таңатар (86 кило) мен Бахтиер Смағұлов (67 кило) қола жүлдегер атанды. Бүгін төрт боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді.
48 кило. Теміртас Жүсіпов - Адам Алиев (Ресей);
54 кило. Тимур Қабдешов - Максим Кузнецов (Ресей);
60 кило. Талғат Сырымбетов - Бахтиер Асадов (Өзбекстан);
71 кило. Дархан Дүйсебай - Касра Тахмасеби (Иран).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!