Қазақстан құрамасы күрестен Въетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінен балуандар бозкілемге шықты.
Майис Алиев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова