Күрестен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында қанша медаль бар?

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

  • Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.
  • Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
  • Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.

Грек-рим күресі

  • Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
  • Арыстан Темірғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
  • Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі

  • Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.
  • Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!