Біріккен күрес әлемі (UWW) Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынайтын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Басты құрлық додасында сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі:
Еркін күрес
- 57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
- 65 келіге дейін: Начын Куулар
- 74 келіге дейін: Нұрқожа Қайпанов
- 86 келіге дейін: Азамат Дәулетбеков
- 97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан
- 125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Грек-рим күресі
- 60 келіге дейін: Ернұр Фидахметов
- 67 келіге дейін: Мейіржан Шермаханбет
- 77 келіге дейін: Демеу Жадыраев
- 87 келіге дейін: Шамиль Ожаев
- 97 келіге дейін: Ислам Евлоев
- 130 келіге дейін: Олжас Сырлыбай
Әйелдер күресі
- 50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
- 53 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек
- 57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
- 62 келіге дейін: Ирина Кузнецова
- 68 келіге дейін: Жәмила Бақбергенова
- 76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова
Айта кетейік, Азия ойындарында күрес бәсекелері 30 қыркүйекте басталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова