Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес түрлерінен Словакияның Братислава қаласында өтетін U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі мынадай:
Еркін күрес
- 57 келіге дейін: Нұрасыл Асамбек
- 61 келіге дейін: Бекасыл Асамбек
- 65 келіге дейін: Ералы Әскербек
- 70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет
- 74 келіге дейін: Нұрдәулет Сейілбеков
- 79 келіге дейін: Айбек Қалиахмет
- 86 келіге дейін: Асхаб Хаджиев
- 92 келіге дейін: Бейбарыс Ерғали
- 97 келіге дейін: Самир Дурсунов
- 125 келіге дейін: Риза Изахар
Грек-рим күресі
- 55 келіге дейін: Ерасыл Мұссан
- 60 келіге дейін: Алпамыс Болатұлы
- 63 келіге дейін: Диас Кертай
- 67 келіге дейін: Қазыбек Қалмағамбетов
- 72 келіге дейін: Марлан Бақаев
- 77 келіге дейін: Еркебұлан Анапия
- 82 келіге дейін: Нұрдәулет Рахман
- 87 келіге дейін: Әлихан Тағаев
- 97 келіге дейін: Максим Украинцев
- 130 келіге дейін: Бақтияр Қазиев
Әйелдер күресі
- 50 келіге дейін: Медина Қуанышбек
- 53 келіге дейін: Динара Дауылқызы
- 55 келіге дейін: Шодиёна Дилмуратова
- 57 келіге дейін: Анна Стратан
- 59 келіге дейін: Айжан Мұратбай
- 62 келіге дейін: Жайдар Мұқат
- 65 келіге дейін: Жаңыл Бекен
- 68 келіге дейін: Ұлдана Тілеухан
- 72 келіге дейін: Мейрамгүл Мақсот
- 76 келіге дейін: Зейнеп Еламас
Айта кетейік, әлем чемпионаты 16-23 тамыз аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова