Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы күрестен Әзербайжанның Баку қаласында өтетін U17 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Еркін күрес: Арын Жанат (45 келіге дейін), Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін), Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірлан Мұрат (55 келіге дейін), Мардан Орынбасар (60 келіге дейін), Замир Данияр (65 келіге дейін), Әділет Рысбай (71 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) және Сағындық Темірғали (110 келіге дейін).
Грек-рим күресі: Нұрислам Пахитжан (45 келіге дейін), Әли Алмас (48 келіге дейін), Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Дияр Аманәлі (55 келіге дейін), Нұралы Асқар (60 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін), Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін), Әлихан Көшев (80 келіге дейін), Әли Бекенғазы (92 келіге дейін) және Арыстан Темірғали (110 келіге дейін).
Әйелдер күресі: Айару Ілияс (40 келіге дейін), Данара Даирбекова (43 келіге дейін), Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Аянат Мейінбай (49 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін), Арина Қуанышова (57 келіге дейін), Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін), Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін), Хадиша Флюк (69 келіге дейін) және Бағжан Құрманбай (73 келіге дейін).
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Баку қаласында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!