Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары боз кілемге шықты.
Алғашқы медальдар 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі арасында сарапқа салынады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстар Almaty Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова