Мароккода өтіп жатқан Африка ұлттар кубогінің екінші тур матчі кезінде Судан құрамасының қақпашысы Элнил Абузайд Монгед есінен танып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Экваторлық Гвинея құрамасына қарсы матчтің 34-минутында болды. Қарсылас қақпасына бағытталған шабуыл кезінде Монгед өз айып алаңының шетінде құлап қалды, осыған байланысты төреші ойынды тоқтатты.
Дәрігерлер бригадасы қақпашыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, футболшы есін жиып, аяғына тұрды. 40-минутта төреші ойынды қайта жалғастырды. Нәтижесінде Монгед алаңда қалып, матчтің қалған бөлігін толық ойнады.
Da li je moguće da je posle ovoga nastavio utakmicu?? pic.twitter.com/LzAzE0vsd2
— FantomBeograda (@FantomBeograda) December 28, 2025
Судан құрамасының медициналық штабына сілтеме жасап хабарланған besoccer.com мәліметінше, Монгедтің есінен тануына артериялық қысымның немесе қандағы глюкоза деңгейінің қысқа уақытқа төмендеуі себеп болған, денсаулығына қатысты қандай да бір күрделі мәселе жоғы айтылды.
Матч 1:0 есебімен Судан құрамасының пайдасына аяқталды, бұл команданың турнирдегі алғашқы жеңісі болды. Үш ұпай жинаған команда Е тобында үшінші орынға жайғасты, олар Буркина-Фасо (3) және Алжир (6) құрамаларынан кейін тұр. Ал Экваторлық Гвинея құрамасы екі рет ұтылып, топтың соңында қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz