Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (20-6) келесі жекпе-жегін 14 желтоқсан күні Ресейдің Сочи қаласында өткізеді. Бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Отандасымыз Gorilla Fighting Championship турнирі кешінде бақ сынайды. Қарсыласы – ресейлік Руслан Тедеев (12-2).
Публикация от ★★★ ???????????????????????? ★★★ (@kuat__khamitov)31 Окт 2019 в 1:42 PDT
"Найман" деген лақап атпен танылған қазақстандық спортшы соңғы рет 26 сәуір күні жекпе-жек өткізген. Мәскеуде Fight Nights Global чемпиондық белбеуіне таласта әзербайжан спортшысы Нариман Аббасовқа есе жіберген еді.