Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым мәліметінше, спортшының жекпе-жегі кейінге шегерілген.
"Достар, жарақат алып қалғанымды хабарлауға мәжбүрмін, осыған байлансты жекпе-жек өтпейді. Бұл жекпеөжек желтоқсан айында Алматыда ұйымдастырылатын шығар", - деп жазды Хамитов Instagram стрисінде.
Еске салайық, Қуат Хамитовтың армениялық Давид Хачатрянмен TOP Fight чемпиондығы үшін айқасы 28 қазан Мәскеуде өту керек болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!