Қуат Хамитов 10 мың теңгеге ешқашан төбелеспегенін айтты

Қуат Хамитов 10 мың теңгеге ешқашан төбелеспегенін айтты
Фото: ©HFC MMA

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ертеректе жабық турнирлерге қатысып, аз-кем ақша үшін жекпе-жекке шыққанын жоққа шығарды, – деп жазады Tengri Sport.

Бұған дейін қазақстандық өзге спортшы Жұман Жұмабеков Алматыдағы казиноларда жабық жекпе-жектерге қатысқанын, әр төбелескені үшін 10 мың теңге гонорар алғанын мойындаған еді. Сондай-ақ ол осындай турнирлерге Қуат Хамитовтің де қатысқанын айтып қалған еді. 

Мұндай ешқашан болған емес. Менің жекпе-жектерімнің бәрі спорттық талапқа сай өткен. Бірақ сол кездері ірі көлемдегі ақша саналатын 100-150 мыңдың төбелестерге шығуға ұсыныс болған. Біз қабыл алған жоқпыз, себебі елдің туын көтеріп жүрген спортшылармыз, - деді Қуат Хамитов Tengri Sport порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қуат Хамитов келесі жекпе-жегіне дайындығы барысында Тайландта оқу-жаттығу жиынында жүр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай