Ташкентте (Өзбекстан) жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения Прозорова 204 (94+110) келі көтерді.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева (200 келі (89+111) иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова