Кристина Шумекова рекорд жаңартып, әлем чемпионы атанды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Кристина Шумекова 38.48 минут уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!