Ұлыбританиялық БАҚ Таяу Шығыста қақтығыс болып жатқан кезде Криштиану Роналдуға тиесілі жеке ұшақ аймақтан ұшып шыққанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
GOAL мәліметінше, Роналдудың ұшағы Сауд Арабиясынан ұшып шығып, Испания астанасы Мадридке қонған. Ұшу уақыты шамамен жеті сағатқа созылған.
"Bombardier Global Express ұшағы Мадридке жеткенге дейін жеті сағат әуеде болды. Ол кешкі сағат 20:00-де ұшып, жергілікті уақыт бойынша түнгі 1:00-ге дейін Испания астанасына қонды. Flightradar24 Роналдудың ұшағы межелі жерге жетпес бұрын Мысыр мен Жерорта теңізінің үстінен ұшып өткенін көрсетеді", - деп жазды БАҚ.
Алайда бортта нақты кім болғаны белгісіз.
Айта кетейік, Роналду 2023 жылдың басынан бері Сауд Арабиясында ойнайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!