Криштиану Роналду жеңілістен кейін көз жасына ерік берді

Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында командасы Испаниядан ұтылғаннан кейін эмоциясын ұстай алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Португалиялық шабуылшы көз жасына ерік берді, бұл оның мансабындағы соңғы мундиалі болуы әбден мүмкін.

Роналду алаңда толық 90 минут ойнады, ал турнир барысында өткізген 5 матчте 3 гол соқты: 2 голды Өзбекстан қақпасына, 1 голды Хорватия қақпасына салды.

Айта кетейік, 1/4 финалда Испания Бельгиямен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз