ҚПЛ-2025: “Қайрат“ - “Астана“ ойынын қайдан көруге болады?

ҚПЛ-2025: “Қайрат“ - “Астана“ ойынын қайдан көруге болады?
Фото: depositphotos.com

26 қазанда Қазақстан футболындағы премьер-лиганың қорытынды 26-тур матчтері өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойнайтын жұптар: "Елімай" - "Атырау", "Жеңіс" - "Қайсар", "Жетісу" - "Қызылжар", "Ұлытау" - "Тобыл", "Қайрат" - "Астана", "Ақтөбе" - "Ордабасы", "Оқжетпес" - "Тұран".

Барлық ойын Астана уақытымен 15:00-де басталады.

Турдың басты матчі Алматыда өтеді: "Қайрат" - "Астана". Бұл кездесу ел чемпионын анықтайды: алаң иелеріне тең нәтиже жеткілікті, ал қонақтарға титул үшін міндетті түрде жеңіс қажет.

"Қайрат" - "Астана" матчін тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көруге болады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget