"Көзіңді жоямын". Головкиннің қарсыласы тағы мәлімдеме жасады

Жеңілмеген бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) Әлеуметтік желіде қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы жекпе-жегі алдында тағы жазба жариялады. Ол GGG-дің көзін жоямын деп қорқытты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сен алаңға ең жақсы GGG формаңда шыға аласың, бірақ мені таппайсың, себебі мен сенің көзіңді жоямын", - деп жазды бразилиялық.

Головкин былтыр канадалық Патрис Вольниді жеңген, міндетті үміткер позициясына қол жеткізген Фалькаомен жекпе-жекте IBF титулын қорғауы керек. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион кубалық Эрисланди Ларамен кездеседі.

Фалькао мен Головкин арасындағы жекпе-жек 2023 жылы өтуі мүмкін.

Сондай-ақ, Головкинге титулдарынан бас тартып, өзіне тиімді болатын жекпе-жектерді таңдауға кеңес берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!