Әлеуметтік желіде спорт жарыстарының бірінде қарындасына қолдау көрсеткен баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан шаршы алаңға шыққан қарындасына тілеулес болған ағасы кездесу аяқталған соң оны құшақтап, су беретіні көрінеді.
"Ағасы мен қарындасының бауырмалдығы көзіме ерік берді", - делінген видеода.
@batuvain09 Көзге еріксіз жас келді ?
♬ Найзағай - QARAKESEK
Әлеуметтік желі қолданушылары да жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.
"Осындай бауырмал болу керек", "Жаным", "Ағасынан болашақ әлем чемпионын көрдім", "Жаным-ау құшақтап қояды бауыр деген бауыр етің ғой", "Міне, аға деген осындай болу керек", - дейді олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!