"Көзге еріксіз жас келді". Жарыс алаңына шыққан қарындасын қолдаған бала Қазнетті тәнті етті

"Көзге еріксіз жас келді". Жарыс алаңына шыққан қарындасын қолдаған бала Қазнетті тәнті етті
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде спорт жарыстарының бірінде қарындасына қолдау көрсеткен баланың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан шаршы алаңға шыққан қарындасына тілеулес болған ағасы кездесу аяқталған соң оны құшақтап, су беретіні көрінеді.

"Ағасы мен қарындасының бауырмалдығы көзіме ерік берді", - делінген видеода.

@batuvain09

Көзге еріксіз жас келді ?

♬ Найзағай - QARAKESEK

Әлеуметтік желі қолданушылары да жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.

"Осындай бауырмал болу керек", "Жаным", "Ағасынан болашақ әлем чемпионын көрдім", "Жаным-ау құшақтап қояды бауыр деген бауыр етің ғой", "Міне, аға деген осындай болу керек", - дейді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова