Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын алды

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алтын алды
Фото: @Тұрлыжан Айтенов

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 1 алтын медальмен толықты. Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.

Чемпион атанған команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

Қазақстан - 204.6708 ұпай
Өзбекстан - 183.5552
Тайланд - 124.9374

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай