Көркем гимнастикадан Мажарстан астанасы Будапеште өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы алты медаль еншіледі, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.
Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды. Айбота жекелей сында доп, лента және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.
Көпсайыс қорытындысы бойынша Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда ұлттық құрама мүшелері Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз