Қоржында тағы бір алтын: Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы 192 келі көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келі көтеріп, күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!