Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының екінші кезеңін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ірі халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды.
Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті.
Бұған дейін Әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанған болатын.
Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!