Көптен күткен тарихи жеңіс! “Қайрат“ Алматыда Швеция чемпионын ұтты

Футболдан Конференция лигасының 4-турында "Қайрат" Алматыда Швецияның "Мьельбю" клубын 1:0 есебімен ұтып, тарихи жеңіске қол жеткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ойында алматылық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 14-минутта қорғаушы Еркін Тапалов соқты. Ал матчта қақпашы Темірлан Анарбеков ерекше ойынымен көзге түсті. Ол бірнеше қауіпті сәтте қырағылық танытып, қақпасын голдан құтқарып қала білді. Әсіресе, екінші таймдағы "Мьельбю" шабуылдарының бірінде қатарынан үш рет сэйв жасады. 

"Қайрат" Конференция лигасының топтық кезеңінде алғаш рет жеңіске жетті. Бұған дейін екі рет сырт алаңда тең түскен еді. "Ригаға" қарсы матчында 1:1 есебі тіркелсе, "Аталантамен" 2:2 ойнаған. Ал Алматыда "Панатинайкосқа" 1:5 есебімен жол берген еді. 

5 ұпай жинаған "Қайрат" қазір турнир кестесінде 15-орынға көтерілді. Ал "Мьельбю" 7 ұпаймен 9-орында келеді. 

Қазақстандық клуб келесі ойынын 10 желтоқсан күні өз алаңында Румынияның "Университатя Крайова" командасына қарсы өткізеді. 17 желтоқсанда Нидерландта "Твентемен" ойнайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!