Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Колумбияның Медельин қаласында өтетін гран-при турниріне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық жарыста ұлттық құраманың тоғыз спортшысы бақ сынайды.
Ел намысын Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Нұржан Әбжанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.
Айта кетейік, турнир 8-10 мамыр аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз