"Көк ту желбірей берсін!" Қазақстандық танымал спортшылар кездесті

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) кездесті. Екі спортшы да өткен жылғы жекпе-жектерінен кейін тынығып, қалыпқа келу үстінде. 

Кездесу жайлы Жәнібек instagram парақшасында жазба жариялап, Шавкатқа сәттілік тіледі. 

Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін!, - деп жазды боксшы.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтериді нокаутпен жеңіп, екінші чемпиондық атағын жеңіп алған еді. Ал Шавкат болса кейінгі өткен жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды ұтып, UFC чемпиондық атағына жақындай түсті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз