"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков "Интерге" қарсы матчтен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеңгіміз келді, бірақ болмады. Бәрі де жан аямай ойнады. Қиын болатынын білдік, дегенмен оларға қарсы ойнауға болатынына көз жетті. Көп гол жібермеуге тырыстым, ал команда маған жақсы көмектесті. Әрине, қобалжу болды, кез келген ойын алдында солай болады. Ең қиын сейвтердің бірі - бірге-бір шыққан сәтте аяқпен қайтарған добым", - деді Темірлан Анарбеков.
Айта кетейік, кеше "Қайрат" сырт алаңда ойнады. 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өткен "Интер" - "Қайрат" ойынында 2:1 есебі тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін УЕФА Темірлан Анарбековтің сейвін үздіктер қатарына қосқаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз