Кирилл Герасименко Жапониядағы турнирге қатысады

Кирилл Герасименко Жапониядағы турнирге қатысады
Фото: gov.kz

7 тамызда Жапонияның Иокогама қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Champions Yokohama 2025 турнирі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жарысқа әлемдік үстел теннисінің көшбасшылары қатысады.

Жапонияда өнер көрсететін спортшылар қатарында Линь Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №1), Ван Чуцин (Қытай, №2), Томоказу Харимото (Жапония, №4), Трульс Морегорд (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джун (Қытай Тайбэі, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10) және басқалары бар.

Қазақстан атынан бұл турнирге Кирилл Герасименко (әлемдік рейтингте №53) қатысады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget