Кирилл Герасименко АҚШ-тағы турнирде жарыс жолынан шығып қалды

Лос-Анджелесте (АҚШ) үстел теннисінен United States Smash атты халықаралық турнир өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл додаға Қазақстан құрамасының атынан Кирилл Герасименко және Зәуреш Ақашева қатысты. Дегенмен қос спортшы да жарысты ерте аяқтады.

Кирилл Герасименко турнирді негізгі кезеңнен бастады. Дегенмен алғашқы кездесуінде жапониялық Сора Мацусимадан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Зәуреш Ақашева іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, Кристина Калльбергті (Швеция) 3:2, Диа Читалені (Үндістан) 3:2 есебімен жеңді. Алайда жарыстың үшінші айналымында Тан Чжао Юнға (Сингапур) 1:3 есебімен жол берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!